• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана бюджетінің кіріс бөлігін 11 млрд теңгеге көбейту жоспарланған 06.03.2017

Елорда мәслихатында кезектен тыс сессия шеңберінде қаржы жылының басындағы еркін қалдықтарды бөлу мәселесі қаралды.
Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджетіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы баяндамамен Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин сөз сөйледі. Қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсіміне сәйкес нақтылау кезінде бюджеттің кіріс бөлігін 11,0 млрд теңгеге ұлғайту көзделген. Сонымен бірге, республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде 77,5 млрд теңге көлемінде трансферттер қосымша бөлінді, деп мәлім етті әкімнің орынбасары.

Сондай-ақ, бюджет қаржысын игеру мониторингі нәтижелерінің негізінде шығыстарды ішкі қайта бөлу жүргізілді, ол қаржы елорданы дамыту бойынша бірқатар міндеттерді шешуге бағытталады.

Атап айтқанда, су тасқындарына қарсы шараларға, көшелерді механикаландырылған  жинау жұмыстарына, жеңілдетілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау нысандарын жылумен қамтуға, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенді сатып алуға, ЭКСПО-2017 көрмесіне еріктілерді дайындауға, апатты және ескі үйлерді бұзуға, инвестициялық жобаларды іске асыруға қаржы қарастырылған.

Талқылау барысында депутаттар «Сарыарқа» ауданының ішкі істер басқармасы үшін ғимарат салу, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін баспанамен қамту, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің аумақтарын қардан тазалауға қаржы бөлу мәселелерін көтерді.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Әлиби Жұмаев депутаттарының қарауына «2016-2018 жылдары іске асыруға жоспарланған мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік жобаларының тізімі туралы» мәселені шығарды. Әкімдіктің өкімімен 10 балабақша енгізілген жобалардың тізімі мақұлданды. Қажет процедуралардан өтіп, келісімшарттарға қол қойылған соң әлеуетті инвесторлар жоғарыда аталған нысандардың құрылысына кіріседі, деп мәлім етті Ә. Жұмаев.

Сондай-ақ, Астана қаласы мәслихатының шешімімен мемлекеттің қажеттіліктеріне жер телімдерін алуға байланысты жер телімдерін немесе басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісімшарттардың жобасы келісілді, Астана қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның, Астана қаласында жер телімдеріне құқықтар беру комиссиясының, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде апатты үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаны іске асыру бойынша Тұрғын үй комиссиясының құрамдары бекітілді.


Back to the list