• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағанды облысында  электрондық жолақы енгізу мәселесі сәуір айында шешіледі 06.03.2017

Қазіргі кезде электрондық билет беру бойынша пилоттық жоба енгізілген Алматының тәжірибесін бақылап отырмыз», Бірақ, бұл жобаны енгізу туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ. 

«Бұл мәселе бойынша нақты жауап сәуір айында белгілі болады. Үкіметте қарағандылық биліктің заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсынысы қаралады. Облыс орталығында автобустарда қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға сараланған тарифтер енгізілмек, сондай-ақ автопарктерді субсидиялау мәселесі жойылып, көлік саласы сервистік схемадан шығарылмақ. Егер осы өзгерістер қабылданса, онда біздің қалада жобаны енгізу үшін «Оңай» компаниясы жауапты болады. - дейді Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров.

Жылы аялдамалар да Қарағандының қоғамдық көлік жолаушылары үшін тағы да бір жаңашылдық болады. Бүгінде қалада бір жылы аялдама бар, «Арман» боулингінің жанында. Бірақ жақын арада осындай тағы да 5 павильон орнатылмақ.

 

 


Back to the list