• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі көбейді 06.03.2017

Шығыс Қазақстан облысының   жер қоры  28,3 млн га тең, оның ішінде  ауыл шаруашылығы бағытында 10,557,1 мың га жер қолданылады.  2015 жылмен салыстырғанда аталмыш категория бойынша  2016 жылы  215,4 мың га өскен.

ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында   жер қатынастары басқармасының жетекшісі Виктория Барсукова  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі  жаңа шаруашылықтардың ашылуы мен жер учаскелерін әрекеттегі ауыл шаруашылық қалыптасу мен  шаруа қожалықтарына  беру есебінде көбейгендігін айтты. Облыста  14 474 ауыл шаруашылығы бар.

«Облыстың жер  қорының құрылымында  суармалы жер көлемі  200,8 мың га  құрайды. Облыста ауыл шаруашылығы  қалыптасуында  139,2 мың га  жер тіркелген», - деді В.Барсукова.

Сондай-ақ,  ауыл шаруашылығы жерлерін орынды қолдану  мақсатында қала мен аудандарда  ішкі ауыл шаруашылық жер қатынасының  жобасын әзірлеуде.


Back to the list