06.03.2017
Келісімнің мақсаты – агроөнеркәсіпті дамыту және ЖОО ғалымдарының ғылыми әзірлемелері арқылы оның бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру.
Астанадағы ЖОО-да өткен конференцияға ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов, аудандардың, қалалардың әкімдері, жер комитеттерінің, жер өойнауын пайдалану басқармаларының, ветеринарлық коммуналдық кәсіпорындардың, ауыл шаруашылық құрылымдардың, аң аулау және балық шаруашылығы субъектілерінің басшылары, сондай-ақ, университет ғалымдары қатысты.
«Бүгін ҚазАТУ-ға білім ордасының ғылыми мүмкіндіктерін біздің агроөнеркәсіптік кешеніміздің өнімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында тарту үшін келдік. Мемлекет басшысы өз Жолдауында аграрлық секторды экономиканы дамытудың драйверлерінің біріне айналдыру міндетін алға қойды. Қарағанды облысында бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар деп санаймыз. Агроөнеркәсіптік кешенді экономиканың драйверіне айналдыру үшін ғалымдардың ғылыми әзірлемелеріне сүйену керек», – деді Н. Әбдібеков.
Құжатқа сәйкес, ЖОО әкімдіктің ауыл шаруашылық жұмыстарына ғылыми сүйемелдеу жасайды. Осылайша, ғылымға сүйене отырып, және озық технологияларды енгізу арқылы агроөнеркәсіптік кешен жаңа белестерді бағындырады – тиімді әрі бәсекеге қабілетті болады, әрі болашақта экспортқа шығады.
ЖОО ректорының айтуынша, қазіргі кезде ғалымдардың ғылыми әзірлемелері жекелеген шаруашылықтарда қолданылады, бірақ әзірлемелер әлдеқайда ауқымды деңгейге – облысқа шығуға мүмкіндік береді.
«Біз қолда барын іспен көрсеткіміз келеді: шығымдылықты, малдың өнімділігін, ауыл шаруашылығының тиімділігін қалай көтере аламыз. Ынтымақтастық үш бағыт бойынша жүруі керек: отандық аграрлық ғылым әзірлемелерін өндіріске енгізу, шетелдік технология трансферті; облыстың агроөнеркәсіптік кешенін жас білікті мамандармен қамтамасыз ету; облыстың тауар өндірушілерінің арасында білім тарату», – деп атап өтті А. Күрішбаев.
Айта кетейік, сондай-ақ ЖОО өндіріске отандық аграрлық ғылымның әзірлемелерін, шетелдік технология трансфертін, кадрлық қамтамасыз ету мен біліктілікті арттыру, ауылдарда кооперацияны дамыту, сондай-ақ, ауыл шаруашылық өндірушілер арасында қазіргі заманғы білімді тарату арқылы Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешені субъектілеріне практикалық көмек пен ғылыми сүйемелдеуді ұсынды.