06.03.2017
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңбері аясында «Инкай» қазақ-канада Біріккен кәсіпорны» ЖШС демеушілігімен 10 отбасыға тұрғын үй сатып алып берілді.
«Біз аудан әкімдігімен ынтымақтасып жұмыс істеп келеміз. Соның нәтижесінде, түрлі әлеуметтік салаларға қолдау білдіріп, демеушілік жасаймыз. Аудан басшысы М.Исаев жағдайы төмен отбасыларға үй алып беру туралы ұсыныс жасады. Нәтижесінде, бүгін 10 отбасы үймен қамтамасыз етіліп отыр», - «Инкай» қазақ- канада Біріккен кәсіпорны» ЖШС бас директорның орынбасары Н.Мұхаммедқалиұлы.
Тұрғын үйге ие болған көп балалы ана Күлжамал Асқарова шексіз қуанышты екенін айтып, аудан басшылығына, «Инкай» қазақ- канада Біріккен кәсіпорны» ЖШС ұжымына алғысын білдірді.