• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2016 жылы шаруа қожалықтары 270 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыш пайдаланған 03.03.2017

Биыл 277,1 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алу жоспарланған, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 5% төмен.

«Бұл жағдай облыс әкімдіктерінің жыл сайын тыңайтқыштар сатып алуға арналған бюджет қаражатын субсидиялаудың басқа бағыттарына жұмсауы салдарынан қалыптасады. Мысалы, Қостанай облысының әкімдігі 2017 жылға 513,6 млн теңге мөлшерінде субсидия қарастырған, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 45% аз», – деп атап өтті бірінші вице-министр.

Ақмола облысының әкімдігі 2017 жылға арналған жергілікті бюджетте 1,6 млрд теңге немесе 2015 жылғы деңгейден 24% аз қарастырған.

«Осыған орай, 2017 жылы көрсетілген облыстарда ғылыми-негізделген қажеттіліктердің көрсеткішімен салыстырғанда ғана емес, сонымен қатар, субсидияланған тыңайтқыштарды жыл сайынғы нақты сатып алумен салыстырғанда да минералды тыңайтқыштарды сатып алудың төмен көлемі жоспарланған», – деп атап өтті Қ. Айтуғанов.

Осы ретте, министрлік облыс  әкімдіктеріне ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында, минералды тыңайтқыштарды арзандатуға көзделген бюджет қаражатының басқа мақсаттарға жұмсалуына жол бермеуді ұсынады.

Ақбота Күзекбай


Back to the list