• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ұсақ шаруашылықтар мен кооперативтерге мемлекеттік қолдау көрсету шаралары артады – Айтуғанов 03.03.2017

«Мемлекеттік бағдарлама аясында құс еті, өсімдік майы, қант сияқты тауарлар бойынша импортты алмастыру мен сиыр еті, қой еті экспортын ұлғайтудың нақты индикаторлары айқындалды. Осы міндетті шешу үшін мемлекеттік қолдау шаралары қайта қаралды», – деді бірінші вице-премьер.

Тиімсіз субсидиялардың 11 түрі алынып тасталып, осы ретте субсидиялардың 39 түріне өзгерістер енгізілгені атап өтілді.

Қ. Айтуғановтың мәліметі бойынша, мемлекеттік қолдауда ұсақ шаруашылықтар мен кооперативтерге басымдық беріледі.

«Нәтижесінде, бюджеттің дәл сол көлемі кезінде өндірушілерді, ең алдымен, ұсақ шаруашылықтар мен кооперативтерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамту 7,5 есеге артады. Жаңа механизмдер түпкілікті нәтижеге - өнімділік, өңдеуші қуаттылықтардың салмақ өсімі мен жүктеліміне бағытталған», – деп хабарлады ол.

Министрдің бірінші орынбасары келтірген мысалдар бойынша, бордақылау алаңдарын субсидиялау критерийлерін қайта қарау есебінен шаруашылықтарды қамту 3 есеге артса, өндірілетін сиыр еті көлемі 40%-ға өспек.

«Мемлекет есебінен фитосанитариялық өңдеу бойынша қаражатты пестицидтердің құнын арзандатуға қайта бағыттау көзделеді, бұл дәл сондай ауданды мемлекеттік шығыстарды азырақ жұмсай отырып өңдеуге мүмкіндік береді. Субсидиялау тиімділігін одан әрі арттыру үшін сақтандыру жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізіледі», – деп қорытындылады Қ. Айтуғанов.

Айта кету керек, 2016 жылы ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу саласында қант өндіру көлемдері - 61%, қойылтылған сүт және қаймақ – 36%, жарма – 29%, өсімдік майы – 12%, шұжық өнімдері – 8%, ұн – 7,8%, ашымалы сүт өнімі 3,3% артқан.

Осы ретте ет консервілерін өндіру көлемдерінің - 29%, көкөніс консервілерінің – 23%, сыр мен ірімшіктің 18% төмендегені байқалады.

Ақбота Күзекбай


Back to the list