03.03.2017
АШМ бас міндеті – шағын және орта шаруашылықтарды кооперацияға тарту. Өткен жылы 157 кооператив 15 мың жеке шаруашылықты қамтумен жүзеге асырылды. Оның негізінде 7 мың қоректендіру алаңдары іске қосылды.
«2017-2021 жылдары кооператив қызметімен 500 мың ЖАШ мен шағын шаруашылықтар қамтылды. Кооперативтер өнімді дайындау, сақтау мен тасымалдау және ветеринария, агрохимия және өз мүшелерін несиелеумен айналысады», - деді Қайрат Айтуғанов.
Вице-министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсіптерінің қуаттылығын 20-25 пайызға арттырады. Қазіргі таңда орташа қуаттылық 60 пайыздан аспайды.
Аталмыш шараларды жүзеге асыру үшін биылғы жылы 50 млрд теңге бағыттау қарастырылған.
Ақбота Күзекбай