• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО-да 5 жылда 47 мыңнан астам отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі 03.03.2017

 «Тұрғын үй құрылысының даму жоспарына сәйкес, өңірімізде  5 жылда барлық қаржыландыру көздері арқылы жалпы 47 619 отбасыны баспанамен қамтамасыз ететін боламыз»,  - делінген хабарламада.       

Бірінші бағыт - ипотекалық несие берудің қолжетімділігін арттыру. Мұнда халық тарапынан сұранысты ынталандыру мақсатында, екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несие беру көлемін арттыру үшін, жыл сайын республика бойынша 10 млрд. теңге субсидия беріледі.

Яғни, қазіргі таңда банктер арқылы берілетін ипотекалық несие көлемі жылдық 17 пайызды құраса, бағдарлама шеңберінде  оның 7 пайызы  субсидия бөлу арқылы жабылатын болады. Ал, түпкілікті қарыз алышуға 10 пайызбен, тұрғын үйді сатып алуға несие 15 жылға дейін берілмек.  Несие көлемі - 15 млн. теңге. Негізгі талаптың бірі - қарыз алушының шотында сатып алынатын тұрғын үйдің 30 пайыз мөлшерінде қаражаты жиналуы тиіс. 

Бағдарлама шегіндегі ипотекалық несие алу, тұрғындарға ай сайынғы төлемін 30 пайызға төмендетілмек.  Бұл шара өз тарапынан, ипотекалық несиені қолжетімді етіп, тұрғындардың баспана алуына үлкен мүмкіндіктер туғызбақ.

Бағдарламаның келесі бағыты - жеке құрылыс салушыларды ынталандыру. Жеке құрылыс салушыларды ынталандыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге  несие беру көлемдерін кеңейту арқылы құрылыс компанияларын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бұл мақсатқа жыл сайын республикалық бюджеттен 11 млрд.теңге субсидия бөлінбек. Субсидия 3 жылға беріліп,  тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына дайын тұрғын үйдің кемінде 50 пайызы  ұсынылатын болады. Бұл өз кезегінде  157 млрд.теңгені субсидиялауға мүмкіндік беріп, 600 мың. Шаршы метр тұрғын үй  салуға себеп болмақ. 


Back to the list