• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Биыл Шымкентте 5 жаңа мектеп салынады 03.03.2017

2016 жылы 19 әлеуметтік нысандардың құрылысына шамасы 8 млрд. теңге қаржы  бөлініп, оның ішінде 15 білім нысанының құрылысына 7.4 млрд. теңге (14 метеп, 1 балабақша), 3 спорт нысанының құрылысына 300 млн. теңге және Бадам өзені бойын абаттандыру жұмыстарына 260 млн. теңге қаралған.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 2016 жылы 6 мектеп және 1 балабақша пайдалануға тапсырылған. Аталған 7 нысанның екеуі ұлттық қор есебінен тапсырылып, қалған бесеуі (4 мектеп, 1 балабақша) облыс және қала бюджеті есебінен тапсырылды.

Ал 2017 жылы жаңа 5 мектептің құрылысын бастау жоспарланған және аталған жұмыстарға шамамен 3,2 млрд. теңге қаралған.Жалпы алғанда, 2017 жылы 5700 оқушы жаңа оқу орындарымен қамтамасыздандырылады.

 


Back to the list