22.02.2017
Тұрғындардың көгілдір отынмен қамтылуы 86,7%, облысты әрі қарай газдандыру үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ 7 млрд. астам теңгеге меморандумға қол қою бойынша алдын-ала келісім жасалды. Тұрғындардың ауыз сумен қамтылуы 90,6%, 2017 жылы бұл көрсеткіш 92,2% құрайтын болады (194 елді мекен), 5,7 млрд. теңгеге 30 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
2017 жылы 28 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы қарастырылған (20 аудандарда және 8 облыс орталығында), 2018 жылы облыстың барлық елді мекендері медициналық мекемелермен қамтылатын болады.
2016 жылы жұмыспен қамтудың кешенді жоспарымен 29,5 мың адам жұмысқа орналастырылды. 2017 жылы тағы 31 мың адамды жұмыспен қамту жоспарда бар. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы 9,3 млрд. теңге бөлініп, 13,4 мың адам жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 5 есе артық (2015 жылы 1,6 млрд. теңге бөлініп, 2,5 мың адам еңбекпен қамтылған болатын).
Қолданылған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін 4,8% (ҚР — 4,9%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 2,4% асырмауға мүмкіндік болды.