20.02.2017
Заманауи цифрлық өндiрiс бiздiң қалаға да жеттi. Жақын арада Петропавл қаласындағы С.М. Киров атындағы зауытта 3D принтерлерi шығарылатын болады.
Өткен жылы зауытта инвестициялық салым салу нәтижесiнде жоғары технологиялық 5 сыныпты дәлдiгi бар мөрлiк тақша шығарыла бастады.
Үстiмiздегi жылы жалпы аумағы 23 мың шаршы метр болатын үшқабатты сауда-сауықтыру кешенi ашылатын болады.
Мұнда азық-түлiк, құрылыс супермаркеттерi, сондай-ақ, тұрмыстық техника мен заманауи сәндi брендттердiң бутиктерi орналасатын болады.
Үшiншi қабатта төрт кинозал, балалар аттракциондары, бильярд пен боулинг залы орналасады. Сондай-ақ, мұнда мұз айдыны, фитнес залы да пайда болады. «Торговая компания МДМ» ЖШС-нiң директоры Расул Дадашев облыс басшысына әлеуметтiк маңызы бар нысан 2017 жылдың екiншi жартыжылдығында тапсырылатынын айтты.