17.02.2017
«Биылғы жылы бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту мен жұмыспен қамтуды тиімділету бойынша жаңа бағдарлама іске қосылды. Ол 16 млн теңгеге дейін шағын несие алуға мүмкіндік береді», - деді әкім.
Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыруға 2017 жылы 1 млрд теңге бөлінеді.
Аймақ басшысы айтып өткендей, бизнеске қолайлы жағдай туғызу мен кәсіпкерлікті дамыту – мемлекеттік органдардың маңызды міндеті. Бүгінде кәсіпкерлікте 130 мың адам немесе әрбір үшінші адам кәсіпкерлікте жұмыс істейді.
«Шағын және орта бизнес жалпы өңірлік өнімнің 20 пайызын қалыптастырады. Мемлекет басшысы ЖӨӨ-нің үлесін 50 пайызға жеткізеді», - деді Б.Бақауов.
Айта кетерлігі, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов халық алдындағы есебінде кәсіпкерлерді қолдаудың салмақты құралына айналғандығын жеткізді.