• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Щучье-Бурабай аймағында экологиялық қауіпсіздікке қатысты 6 жоба іске асырылады 15.02.2017

«2016 жылы бірінші кезектегі 4 жобаның іске асырылуы аяқталды. Бурабай кентінде қазандық салынып, су тарту желілерінің 2-ші кезегін қайта құру жүргізілді (7,8 км желі өткізілді). Щучье қаласында 900 орынға арналған заманауи мектеп салынды, Щучье қаласында Пролетарская, Коммунистическая, Трудовая көшелерін күрделі жөндеу жүргізілді (барлығы 3,8 км)», - деп есеп берді әкім.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, ЩБКА дамыту жоспары аясында биылғы жылы 11 жобаны іске асыруға 4,8 млрд теңге көзделген. Бұл қаражатты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі 4 жобаға бағыттау жоспарланып отыр.

«Сондай-ақ, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі 6 жоба іске асырылады. Олар Бурабай кентінде су тарту желілерінің (3-кезек), коллектор мен кәріздік сорғы станцияларының құрылысы, Қатаркөл ауылында су тарту объектілері мен желілерінің құрылысы, Қатаркөл кәріздік коллекторының құрылысы, Щучье қаласының магистральды су құбыры желілерінің құрылысы мен қайта құрылуы (4-кезек), Щучье қаласының су тарту объектілері мен желілерін қайта құру және Бурабай кентінде нөсерлі кәріз құрылысы», - деп атап өтті С. Кулагин.

Сонымен бірге, Бурабай кентінің жол желісінің құрылысы және оны қайта құру одан әрі жалғасатын болады.


Back to the list