• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Батыс Қазақстанда 500-ден астам бордақылау алаңы салынбақ 13.02.2017

Өңір аграрлық-индустриялық болып табылады. Ауыл кәсіпкерлеріне 16 млн теңге көлемінде несие берілетіні жастарды тартып, өз бизнесін ашу үшін күшті серпін береді. 

Өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнімі 17%-дан асқан. Өткен жылы дәнді-дақылдардың ЖӨӨ 3 есе өскен. Ірі қара мал басының өсуі байқалады (ІҚМ - 5,5%, жылқы - 11,5%, ұсақ мал - 2,5%).

Бұдан бөлек, әкімдікте хабарланғандай, «Агробизнес - 2020» жаңа бағдарламасын іске асыру аясында биылғы жылы өнімділігі жылына 6 мың тоннаны құрайтын құс етін өндіретін құс фабрикасы өз жұмысын бастайды. Сондай-ақ, 500-ден астам бордақылау алаңын салу жоспарланған.

«Көрсетілген бағыттар бойынша ел Үкіметінің бақылауымен тиісті министрліктермен әріптестік жасау жүргізілуде», - деп атап өтілді әкімдікте. 

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы экспорт үшін жаңа бағыттар ашып, мүмкіндіктерімізді арттырады. Қазір ет Ресейге, Әзірбайжанға және басқа елдерге экспортталады. Өткен жылы ет экспорты 2 мың тоннадан артық болды. Сондай-ақ, өңір Грузияға, Түркменстанға, Тәжікстанға, Ауғанстан мен Қырғызстанға ұн өнімдерін (30 мың тонна) экспорттайды. 


Back to the list