13.02.2017
«Почтаның мобильді бөлімшесі ауыл тұрғындарына почталық және қаржылық қызметтерді көрсету процесін едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін қажетті техникамен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандырылды», - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Мобильді бөлімшелердің ашылуы әрбір елді мекендегі маңызды оқиға болып табылады, себебі ауыл тұрғындарына ауданға немесе қалаға шықпай, почталық байланыс қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні 10-ға жуық бөлімше жаңартылып, 2 сәлемдеме супермаркеті ашылған, олардың біреуі – Өскеменде, екіншісі – Ұлан ауданында.
Бұдан бөлек, әкімдіктің хабарлауы бойынша 2017 жылдың соңына дейін облыста тағы 26 бөлімшені жаңарту жоспарлануда.
Клиенттерге қолайлы болу үшін, жаңартылған Орталық операциялық учаске бірнеше аймаққа бөлінген: почталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғаларға арналған операциялық зал, корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету залы, сәлемдемелер супермаркеті және өз-өзіне қызмет көрсету аймағы.
Бұрын, 18 қаңтарда жаңарту бағдарламасы аясында Катон-Қарағай ауданының Алтынбел ауылында облыстағы бірінші Мобильді бөлімше ашылған болатын.