• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жамбыл облысында 6 коммуналдық  инфрақұрылым  жобасы  іске асырылуда 09.02.2017

2016 жылы «Коммуналдық инфрақұрылымды жетілдіру» бағыты бойынша 14 жобаны іске асыруға 2,9 млрд. теңге бөлініп, игерілді. 344 уақытша жұмыс орындары құрылды.

2017 жылы аталмыш бағыт шеңберінде 1,5 млрд. теңгеге 6 жобаны іске асыру жоспарлануда:Жамбыл ауданы Аса ауылындағы "Бәйтерек" тұрғын массивінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту, электрмен, газбен және көше жолдарымен қамтамасыз ету – 46 450 мың теңге; Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы салынып жатқан тұрғын үйлерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту, электрмен, газбен және көше жолдарымен қамтамасыз ету – 93 697 мың теңге;

Шу ауданындағы "Жанкулиев", "Горгаз", "Жайсан", "Жетісу", "Алға" жаңа тұрғын алқабтарына арналған (көшелер және электрмен қамтамасыз ету) инфрақұрылымдық желілері құрылысын салу – 432 184 мың теңге, Тараз қаласы "Құмшағал" алқабында сервистік су құбырлары желісінің құрылысын салу – 282 353 мың теңге, - деп айтты басқарма басшысы.

 


Back to the list