• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚазАгроҚаржы ауыл шаруашылығы техникасы  лизингісінің    пайыздық ставкасын төмендетті 08.02.2017

Компанияда түсіндіргендей, қарыз алушыларға түсетін қаржылық жүктемені жеңілдету мақсатында, «ҚазАгроҚаржы» қаржыландыру мөлшерлемелерін жылдық 19%-дан 17,3% дейін төмендетті. Жаңа талаптар бойынша тиімді мөлшерлеме жылдық 17,7% басталады.

«Жаңа қаржыландыру талаптары ауыл шаруашылығы техникасының, арнаулы техника мен жабдықтың лизингісіне, арнайы бағдарламаларды іске асыруға және инвестициялық жобалардың кейбір бағыттарына қатысты қолданылады», - делінген хабарламада.

Тағы да айта кетерлік жайт, «ҚазАгроҚаржы» техникаларды «Беларуста жасалған» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды одан әрі жалғастыруда, бұл бағдарлама бойынша Беларусь Республикасының Үкіметі мөлшерлеменің 3,6% өтейді. Аталмыш бағдарлама қазақстандық субсидияны алу мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

«ҚазАгроҚаржы» бүгінгі таңда арнайы қаржыландыру бағдарламаларын іске асырады: өтінімдердің жеделдетіліп қаралуы көзделген «Эксперсс-лизинг» бағдарламасы, техниканы алғашқы лизингтік төлем төленерге дейін алу мүмкіндігін беретін «Егінжай» бағдарламасы, бұрын пайдалануда болған техниканың лизингі - «Қайталама лизинг» бағдарламасы, клиентке кредит желісі ашылып, соның шеңберінде жыл ішінде құжаттар пакеті қайтадан тапсырылмай, лизинг шарттары жасалуы мүмкін «Шебер-лизинг» бағдарламасы.

Компанияда айтып кеткендей, жаңа қаржыландыру талаптары бойынша Астана қаласында орналасқан Орталық аппаратқа немесе бүкіл Қазақстан бойынша филиалдары мен өкілдіктеріне өтініммен баруға болады.

2016 жылы «ҚазАгроҚаржы» компаниясы республиканың аграрлық секторына жалпы сомасы 55,8 млрд. теңгеге 3 119 бірлік техниканы лизингке табыстады, оның ішінде отандық және шетелдік өндірістердің 464 бірлік комбайны, 962 бірлік тракторы, 56 бірлік егіс кешені, 104 тұқым сепкіші және 1 533 бірлік басқа техникалары.

 

 


Back to the list