06.02.2017
Аталмыш кешенде жұмыс істеу үшін қажетті барлық жабдықтар бар: 20 тонна қуаттылығы бар 7 тоңазытқыш камера, 500 кг дайын өнім шығаратын ыстайтын жайы бар шұжық цехы, мал соятын орын, қойма. Комбинат кешенінде 400 ірі қара мал семіртуге арналған алаң бар.
Ірі қара мал төлдерін өсіру және семірту бойынша осы кешеннің тиімді жұмысы үшін, ауылшаруашылық малдарын және материалды-техникалық қамсыздандыру үшін несие бағдарламасы аясында қарыз алу мәселелері қарастырылып жатыр.
Жобаның жетекшісі Қайрат Ахметов аудан әкімі Асқар Мұратұлын шұжық цехының қызметімен таныстырды, әңгіме барысында несие құралдарын алу түрлері, соның ішінде қарыз мөлшерлемесі 16 млн.тг көлеміне дейін ұлғайып, 7 жылға дейін қайтару мерзімі ұзартылған «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы да талқыланды, және де жобаны ары қарай дамытуға арналған егіс пен жайылым алқаптарын беру мәселелері талқыланды.
Жалпы, жылқы етінен жасалған деликатестерді шығару, Көкшетау қ. өз өнімдерін өткізетін дүкен ашу жоспарланған.
Аталмыш өндірісті іске қосу 25 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, бюджетке қосымша салымдармен қамтамасыз етеді, қайта өңдеу өнеркәсібінің көлемін ұлғайтады, және де ауылдың инфрақұрылымы мен әлеуметтік жағдайын жақсартады.