• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қарағанды облысында арнайы кокстан белсендірілген көмір өндіріледі 07.02.2017

Ұсақ арнайы кокстан белсендірілген көмір өндіруді ұйымдастыру» жобасы Энергетика министрлігінің Жол картасына енгізілді. Оны жүзеге асыруға 40 млн теңгеге жуық қаржы салынды. 2017 жылдың тамызына қарай осы өнімнің өндірісі үшін тәжірибелік-өнеркәсіптік құрылғыны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның қуаттылығы - жылына 1000 тоннаға дейін болады.

Әкімдік хабарлағандай, өткізу нарықтары бар. Қазақстанда белсендірілген көмір тұтыну жылына шамамен 3000 тоннаны құрайды. Өнім негізінен алтын өндірісінде қолданылады. Перспектива бар.

Жоба импортты алмастыруға бағытталған. Қазіргі кезде белсендірілген көмір Ресей, Украина және Қытайдан әкелінеді.

 


Back to the list