• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодар облысында МЖӘ бойынша  10 жоба жүзеге асырылады 06.02.2017

Аймақ басшысының айтуынша жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және жекешелендіру мәселесі бойынша тиісті жұмыс атқармай келеді.  

«Жекешелендіруге ұсынылған кәсіпорындардың тізімі 2013 жылы бекітілгеннен кейін мүлдем толықтырылған жоқ. Барлық жұмыс өңір бойынша ғана жүріп жатыр, сырттан бір де бір ірі инвестор келген жоқ. Кей кәсіпорындарға  «жабысып алып», оларды сатылымға шығарғыларың келмейді. Біз бұл тәжірибеден алшақтап, мемлекеттің үлесі бар компанияларды жеке бизнеске беруіміз керек» , - деді әкімі.

Облыстық қаржы басқармасының айтуынша, жүзге тарта мемлекеттік коммуналдық кәісіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік бойынша жергілікті әкімдіктерге ұсыныстар жіберіліп, олардың 50%-ы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағыты бойынша жүзеге асырылатын болады. Өңірлік экономика басқармасының мәліметі бойынша жылдың соңына дейін мемлекеттік-жеке меншік саласында 10 жаңа жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалар нысандарды сенімгерлікпен басқаруға беру және сервистік келісімшарт жасау арқылы іске асатын болады.

Сонымен қатар, Болат Бақауов жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды қайта жандандыру тетіктерін қарастыруды тапсырды.

«Әр бос тұрған нысан бойынша даму картасын жасау керек. Оның болашағы қандай, бейінін ауыстыруға бола ма, қашан іске қосылады – біз бұл сауалдардың жауабын білуміз қажет», - деді әкім.

Сондай-ақ, Болат Бақауов мемлекеттік сатып алулар бойынша бақылау жүргізіп, бюджет есебінен жүргізілетін жұмыстардың сапасын қадағалауды тапсырды.


Back to the list