06.02.2017
«Зеренді» тұқымдық шаруа қожалығы ешкі сүтін өндіруге бағытталған. Кәсіпорында жылына 4000 тонналық сауу залы мен сүт зауыты бар. Жоба ЖШС-ның өз қаражатына жүзеге асырылып жатыр.
Шаруа қожалығында Голландиядан жеткізілген 300 тұқымдық ешкі бар. Алғашқы өнімді 2017 жылдың наурыз айының соңында шығару жоспарланған.
Сондай-ақ, әкімдікте хабарлағандай, кәсіпорында сүт, ірімшік, йогурт, ет, тері сынды өнімдер дайындалады. Ешкі басын 5000-ға жеткізу жоспарланып отыр.