• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында бір жыл ішінде 18 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылмақ 04.02.2017

«Ақмола облысында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту саласындағы ауыл шаруашылығы бірлестіктерінің оң үлгілері орын алады. Өткен жыл деректері бойынша олардың саны 185-ке жетті. 2016 жылы олар 800 млн теңге сомасына мемлекеттік қолдауға ие болды», - деді Хасым Иткусов.

Оның айтуынша, жаңа бағдарлама елдің барлық аумағында кооперативтерді субсидиялауды жалғастырады және ауылдарға ауыл шаруашылығы өнімі үшін 300 млрд теңгеге жуық түсім тартуға мүмкіндік береді.

«Кооперативтер сүт, ет, жемістер мен көкөністер сияқты негізгі бағыттар бойынша құрылатын болады. Ол есеп айырысудың тікелей өндірушімен – кооператив мүшесімен жүргізілетінімен, ал субсидияларды кооперативтер алатынымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы бірлестіктеріне ветеринария, тұқымдандыру, азық дайындау, агрохимия, логистика бойынша қызметтер көрсетіледі», - деп түсіндірді сарапшы.

Оның айынша, мұндай шаралар өңдеуші кәсіпорындардың жүктелімін 30%-ға арттыруға, өндірушілер мен соңғы тұтынушылар арасындағы сауда үстеме ақысын 15-20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Сарапшының айтуы бойынша, бағдарламаның небары бес жылы ішінде ауыл шаруашылығы кооперациясына республика бойынша 500 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылығын тарту жоспарланып отыр.

Ақмола облысына келетін болсақ, өңірде 2017 жылы тағы 18 ауыл шаруашылығы кооперативі, 180 жемдеу алаңы, 18 сүт қабылдау орны ашылмақ. 


Back to the list