02.02.2017
Шаруалар кооперативтерге біріге отырып өз жерінің иесі болып қалады, өзінің заңды мәртебесі мен мүлкін сақтап қалады. Алайда, осы ретте олар өз өндірісін дамытуға және пайда алу үшін үлкен мүмкіндіктерге ие болады.
Бұдан басқа, кооперация түрлі мемлекеттік қолдауға қолжетімділікті кеңейтеді. Бұл туралы Қарағанды облысында өткен АӨК өкілдерімен ауылшаруашылық кооперациясын түсіндіру жөніндегі ҚР АШМ Жұмыс тобының кездесуінде айтылды.
Қордың өкілі Армат Байзақовтың айтуы бойынша, облыста қазіргі уақытта 92 мың жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) бар. Олар сүттің барлық көлемінің 79,8%-ын, сиыр етінің 74,5%-ын, көкөністің 46%-ын өндіреді. Жалпы республика бойынша 1,5 млн. астам ЖҚШ жұмыс істейді, олардың өндіріске үлестік салымы мынадай: ет 62%-ды, сүт -80%-ды құрайды. АШМ тұжырымдылық ұсынысы ЖҚШ және шағын шаруа қожалықтарының, фермерлік шаруашылықтардың өндірістің және ауылдағы өмір сүру деңгейінің қозғаушы күші ретіндегі әлеуетін пайдалану үшін кооперацияны көлемді дамытудан тұрады.
Топтың түсіндіру жұмысы Қарағанды облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Шагурашид Мамалиновтың қатысуымен өткен селекторлық кеңестен басталды және Бұхар-Жырау және Абай аудандарының ауыл тұрғындарымен өңірлердегі кездесулеріне жалғасты.
«Осы ретте, ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігудің айқын пайдасы атап өтілді – өнімді делдалдың көмегінсіз тиімді өткізуді бірлесіп ұйымдастыру; өнімді сақтау және қайта өңдеуді бірлесіп ұйымдастыру (көкөніс сақтау қоймасы, сүт қабылдау пункті, бордақылау алаңы, жемшөп цехы); мемлекеттік қолдауға қолжетімділік (жеңілдікті несиелендіру, өнім өндіруге арналған ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарды сатып алуға инвестициялық субсидиялар) және т.б», - делінген хабарламада.