31.01.2017
«Бүгінгі күні моноқалаларды дамыту бағдарламасы өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Жамбыл облысының өндіруші өнеркәсіп басым дамыған моноқалаларының бірі – Жаңатас қаласы», - делінген хабарламада.
Соңғы 2 жыл ішінде Жаңатас қаласында 6 көп қабатты үй жөнделген, кезекте тұрғандарға пәтерлер берілген. Биылғы жылы 2 көп қабатты үйді жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Моноқаланың құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылығы 70 пәтерлі үйге – 200 млн теңгеге жуық қаражат, ал 120 пәтерлі үйге 330 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалғанын атап өтті.
«Егер үйді қайта салатын болсақ, бір үйдің құрылысына 1 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалар еді», - деп атап өтілді әкімдікте.
Бұдан бөлек, Сарысу ауданында кәсіпкерлік қарқынды түрде дамып келеді. «БЖК-2020» бағдарламасы аясында үш жыл ішінде 19 инвестициялық жоба іске асырылған.
«ЕвроХим» ірі халықаралық минералдық-химиялық компаниясы өз жұмысын сәтті бастады. 2020 жылға дейін 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.