31.01.2017
Жаңа сауда үйін қайта құру мен ашуға 20 млн теңге жұмсалды. Осылайша, қарызға алынған қаражатқа ескі ғимарат қайта құрылып, жаңа жабдық сатып алынды. Енді атбасарлықтар мен қала қонақтары үшін жаңа сауда үйі қызмет көрсететін болады.
«Қала кәсіпкерлері үшін 20 сауда алаңы жалға берілді. Мұнда енді азық-түлік пен шаруашылық тауарларын сатып алуға болады», - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, бүйір жақ қабатында асхана және балаларға арналған ойын-сауық кешенін ашу жоспарланып отыр.