28.01.2017
Кейін қала басшысы өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен Ленин кентінің тұрғындарын алдағы уақытта күтіп тұрған жаңалықтарды ортаға салды. Әкімнің айтуынша, кентте бірнеше жаңа нысан салынатын болады.
Ветеринарлық пункт салынатын болады.
Жеке тұрғын үй құрылысының жаңа шағын ауданына арналған электр желілерінің құрылысына деген жоба аяқталуда. Сондай-ақ, биылғы жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр.
Ең бастысы, кентті орталықтан сумен қамсыздандыру мәселесі шешілетін болады. Үйлерді жыл соңына дейін орталықтан берілетін су құбырына қосу жоспарланған.