27.01.2017
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс әкімі бұрынғы балалар ауруханасының корпусында болды. Бұл корпус «Жол картасы -2020» бағдарламасы аясында қалпына келтіріліп, консультативтік-диагностикалық орталыққа берілген. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 142 миллион теңге қаржы бөлінген.
Аймақ басшысы балалар хирургиясы, флюрография кабинеттерін аралап көрді. Ауруханада қаржылық лизинг қолдану арқылы сатып алынған жаңа сандық флюрограф және ЛОР-комбайн орнатылған.
Науқастардың зертханаға, флюрографияға, дәрігерге дейінгі кабинеттерге кезегін азайту мақсатында электронды кезек енгізілген.
Жұмыс сапарының соңында Нұрмұхамбет Қанапияұлы жергілікті атқарушы органдардың, коммунальдық мекемелердің, кәсіпкерлік нысандардың жұмысына оң баға беріп, әрі қарайғы жұмыстың тиімділігін арттыурға қажетті бірқатар тапсырмалар берді.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі жиналыс өткізіп, қала әкімі Александр Аглиулиннің «Балқаш қаласының 80 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстары туралы» баяндамасы таңдалды.
Балқаш қаласының әкімі аймақ басшысына атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады.