• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Атбасарда тасқынға тосқауыл болатын ұзындығы 9,5 км қорғаныс бөгеті салынды 25.01.2017

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аймақта қауіптің алдын алу шаралары жүйелі түрде жыл бойы жүргізіледі. Бүгін Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Сергей Кулагин  осы бағыттағы жұмыстардың барысын пысықтады.  

«Ағымдағы жылы қалың жауған қар суы қауіп төндіруі мүмкін. Осыған байланысты көктемгі су тасқынын болдырмас үшін, осы бағыттағы жұмысты бір сәтке де бәсеңдетпеу керек», - деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, өткен 2016 жылы Атбасар ауданында тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіптің алдын алу мақсатында Жабай өзенінің бойына ұзындығы 9,5 км болатын қорғаныс бөгеті салынған болатын. 


Back to the list