23.01.2017
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасынан тыс мүлікті заңдастыру үшін жалпы сомасы 3,2 млрд теңгені құрайтын 44 нысан бойынша 41 декларация ұсынылды, сондай-ақ, заңды тұлғалардың 15 млрд теңгені құрайтын жарғылық капиталдағы 4 үлесі заңдастырылды.
Мұнымен қоса, елордалық мемлекеттік кірістер органдарында жалпы құны 54,7 млрд теңгені құрайтын 10 мыңнан аса тұрғын және тұрғын емес нысан, сондай-ақ заңды тұлғалардың 40,9 млрд теңгені құрайтын жарғылық капиталдағы 15 үлес заңдастырылды.
Еске салайық, Қазақстанда мүлік пен қаржыны заңдастыру шарасы 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2016 жылдың 31 желтоқсаны аралығында өтті.