• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ескелді ауданының аграрилері 2016 жылы 77,7 мың тонна қант қызылшасын жинады (ФОТО) 17.01.2017

Ж. Ноғайбековтің сөзіне жүгінсек, өткен жылдың сәуір айында 78 шаруа қожалығы «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қажетті тұқым сепкіш техниканың 2100 бірлігін алды. 2015 жылы «Қарабұлақ», «Мыңбұлақ», «Шаған» 3 сервистік дайындау орталығы құрылып, 50 дана жаңадан техника бірлігі алынған болса, 2016 жылы Сырымбет ауылдық округінде тағы бір СДО құрылып, оған 10 дана жаңа техника бірлігі алынды.

Жалпы 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 24 млрд. 218,3 млн. теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші –101,0% болды. Оның ішінде мал шаруашылығында - 8 млрд. 239,3 млн. теңге, өсімдік шаруашылығында – 15 млрд. 899,0 млн. теңге өнім алынды.

Сонымен қатар кейінгі жылдары аудан озық технологияларды қолдану нәтижесінде жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Ылғал сақтау технологиясы бойынша 8940 га, интенсивті технологиямен 5474 га, тамшылатып  суару арқылы 79 га жер игерілуде. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғастырылады.

Төленгіт ауылдық округі аумағында өткен аталмыш есеп беру жиынында округ әкімі Қанат Сатанов та баяндама жасады.


Back to the list