• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбенің  жолдарын қыс мезгілінде қамтамасыз етуге   910 млн  теңге бөлінді 17.01.2017

Ақтөбе қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігін және көлік қозғалысында кептеліс болмау мақсатында қыс мезгілінде жолды күтіп ұстау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қызмет етілетін жалпы аудан аумағы 3,7 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 200 қала көшелері, айналма автокөлік жолдары, қалаға қарасты Құрайлы, Жаңақоныс, Сазды, Қарғалы және Благодар 5 ауылдық округ жолдары, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

«2017 жылдың қысқы кезеңінде жолдарды күтіп ұстау үшін қала бюджетінен 910 млн. теңге бөлініп және  барлығы 14 арнайы мердігер,260 бірлік техника жұмылдырылды. Мердігерлермен жаяу жүргінші жүретін жолдарды қардан тазалау,  қысқа дайындық кезінде жолдарды көктайғақ болмау мақсатында 1500 тонна құм аралас тұз және 500 тонна тұз материалдары дайындалып осы уақытта  себілуде, қар шығару және де қала аумағын қоқыстан, жаяу жүргінші жолын тазарту жұмыстары жүргізілуде», - деді Нағымжан Алдяиров.

Қазіргі таңда Мәскеу, Құрмыш, Шанхай аудандырының көшелерінен жаппай қар шығарылуда. Тазартылған көшелердің саны 30-дан астам. Қар шығару жұмыстары су тасқынына қарсы шаралардың ең басты бағыты болғандықтан қатаң бақылауда. Қыс мезгілінің басынан қала көшелерінен 120 000 текше метрден астам қала полигондарына қар шығарылды.

Сонымен қатар жиектас аумағын қардан тазалау жұмыстары үшін мердігерлік мекемелерден 24 жұмыс бригадасы 6-7 адамнан жұмылдырылған, оның ішінде 9 бригадасы түнгі ауысымда жасайды. Түнгі ауысымда алдымен көпірлер, қиылыстар мен орталық көшелердің жиектас алаңдары тазартылады.

Сондай-ақ, қала көшелерінде және аталған 5 ауылдық округтерде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында,  тәулік бойы кезекшілік машиналар мен жауапты тұлғаларды мердігер мекемелер қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, қала әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың жауапты қызметкерлерінен құралған мобильдік топ жұмыс жасауда. Топтың негізгі мақсаты қала аумағында орналасқан барлық шағын және орта бизнес нысандары ғимаратарының алдында қар үйінділерін болдырмау және қарды уақытылы қар полигондарына шығару.

 

 

 

 

 


Back to the list