16.01.2017
Былтыр басталған жобаның үшінші кезеңі келер жылы іске қосылады деп күтілуде. Егер жоба толық жүзеге асса, мұнда жылына 20000 тонна тірі салмақта үндік етін өндіруге мүмкіндік тумақ.
Қазір мұнда «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған жобаның инвестициялық құны 10 млрд. 150 млн.теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша үндік фабрикасына 53 млн. теңгеге газ құбыры тартылды.
«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорында бүгінде 415 адам тұрақты жұмыс істейді. Елімізге «Дәмді ет» маркасымен танылған күркетауық өндірісінің жұмысын облыс әкімі оң бағалады.