• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЖҚЖК: Ақкөлде мектеп пен дәрігерлік амбулатория ашылды 13.01.2017

Құны 75 млн. теңгенi құрайтын бұл жоба 2016 жылдың қараша айында пайдалануға берiлген. Жобалық қуаттылығы жылына 210 тонна өнiмдi құрайды.

«Цех ғимаратында офис, жартылай фабрикат цехы, өңдеу бөлiмi, 4 тоңазытқыш камера, орау бөлiмi, қойма және тұрмыстық бөлмелер орналасқан. Қондырғылар Ресей және Түрiк елдерiнен алынған.Бүгiнгi күнi iске қосу және жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. Алғашқы өнiмдi шығару ағымдағы жылдың наурыз айына жоспарланған. Бiз Астана, Қарағанды қалалары мен Ақмола облысының елдi мекендерiнiң нарығына шұжықтың 8 түрiн дайындайтын боламыз», — дейдi кәсiпорын басшысы Лиза Хамхоева.

Сондай-ақ өңiр басшысы еттi бағыттағы Ангус асыл тұқымды малын бордақылаумен айналысатын «SC Food» ЖШС-на да бас сұқты. Кәсiпорын басшысы Мақсұт Бақтыбаевтың айтуынша бүгiнде шаруашылықта 1861 бас мал бар, оның iшiнде — 1348 аналық сиырлар. «Бiз iрi қара санын 2 500 басқа дейiн көбейтудi жоспарлаудамыз. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшiн бiзде барлық жағдай жасалған. Мал өсiру базалары осынша көлемдегi қара малға жабдықталған, астық қоймаларымыз да бар. Мал жайылымдар «Электр бақташы» жүйесiмен қамтылған, — дедi М. Бақтыбаев.

С. Кулагин әрi қарай Азат ауылы орта мектебiнiң материалдық-техникалық жабдықталуын қарады. Мектеп заманауи техникамен қамтылған. Бұл жерде информатика (17 компьютер), биология және химия, мультимедиялық кабинеттерi бар. 2016 жылы бiлiм ошағына бюджеттен 8,6 млн. теңге бөлiнiп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлген.

«Бiзде 20 кешендi сыныптар бар. Оқу тiлi аралас. Демеушiлер есебiнен барлық 162 оқушымыз тегiн тамақтанады», — дейдi мектеп директоры Ерiк Молдағанапов.

Сондай-ақ осы күнi өңiр басшысы Азат ауылының дәрiгерлiк амбулаториясын да көрдi. Мұнда өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 21,6 млн. теңгенiң күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлген екен.

Ақкөл қаласында аймақ басшысы мемлекеттiк мұражай, балалар музыкалық мектебi және ата-аналарының қамқорынсыз қалған және жетiм балаларға арналған №1 балалар үйiнiң еңбек ұжымы мен тәрбиеленушiлерiмен кездестi.

«LEMKEN KAZ» ЖШС өкiлдерi өңiр басшысына кәсiпорынның өткен жылғы жұмыс қорытындысын айтып бердi. «Өткен жылы 600 млн. еуро көлемiнде өнiмдер өндiрiлiп, қызметтер көрсеттiк. Бiз Қазақстан мен Қырғызстанның ауыл шаруашылық кәсiпорындарына ауадай қажет түрлi қондырғылар жасаймыз», — дейдi кәсiпорынның бас директоры Дмитрий Сокульский.

Облыс әкiмi жұмыс сапары соңында тұрғындарды жеке мәселелерiмен қабылдап, ауданның өткен жылғы жұмыс қорытындысын тыңдады.

 


Back to the list