• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенаторлар  Алматы  облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен танысты 13.01.2017

Сенаторлар Еңбекшіқазақ ауданында бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Атап айтқанда, жеміс шырындарын өндіру цехында, сүт фермасында және басқа да шаруашылық жүргізетін нысандарда болды.

Н. Қылышбаев пен А. Мұсаханов Қарасай ауданындағы «Алматы әйнек» мекемесінде және Мерей ауылындағы «Алсад» құс фабрикасында да болды. Сенаторлар шаруа қожалықтарының басшыларымен, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің ұжымдарымен кездесті.

Депутаттар Парламенттің 2016 жылғы заң шығару жұмыстарының қорытындылары туралы әңгімеледі. Жүздесу барысында ауыл еңбеккерлері жер туралы заңдардағы өзгерістерге және аграрлық саланы қолдау мәселелеріне ерекше көңіл аударды. Сенаторлар жергілікті тұрғындармен аймақтың экономикалық жағдайы мен дамытудың келешегі, әлеуметтік саланы өркендету мәселелерін талқылады.


Back to the list