13.01.2017
«СП Казахстан ЭХЗ технологии» ЖШС өңiрдегi жаңа кәсiпорын болып саналады. Ол 2016 жылдың қыркүйек айында ғана iске қосылған. Мұнда жерасты мұнай-газ құбырларының антикоррозиялық қорғанысына арналған анодты жерге тұйықтағыштар мен өзге де металл қондырғылары шығарылады. Бұл бұйымдар жер асты құбырларын коррозиядан қорғауға арналған.
« Жоба iске қосылғалы берi 26 млн. теңгенiң өнiмi өндiрiлдi. Кәсiпорынның жобалық қуаттылығы айына 2 мың анодты құрайды. Бүгiнде 8 жұмысшымыз бар», — дейдi Жеңiс Бексұлтан.
Өңiр басшысы өңiрдiң өнеркәсiптiк әлеуетiн арттыратын кез-келген жаңа жобаны қолдайтынын айтты.