12.01.2017
Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Сергей Плотниковтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапары барысында «Жайылымдар туралы» заң жобасын қарау кезіндегі өзекті мәселелерді талқыланды.
Өскеменде жергілікті өкілді билік өкілдерімен, шаруашылық субъектілерінің басшыларымен, ауылдық округтер әкімдерімен кездесу болды. Депутат талқыланып отырған тақырыптың маңыздылығын, өйткені ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін жайылымдарды тиімді пайдаланудың маңызы зор екенін атап өтті.
Заң жобасы Мәжілісте мақұлданып, Сенатқа келгені және оның бірінші оқылымда тұжырымдамалық тұрғыда қаралғаны туралы айтылды.
«Біздің комитеттің ұсынысы бойынша аймақтарға шығатын сапар барысында заң жобасын жұртшылыққа түсіндіру үшін оны түпкілікті қабылдауды кейінге қалдырған болатынбыз. Заң жобасы бойынша кейін онымен тікелей жұмыс істейтін, қабылданған барлық тармақтарын орындайтын мамандардың нақты ұсыныстарын тыңдау қажет», - деді Сергей Плотников.
Сенатор ауыл еңбеккерлерінің бірқатар сауалдарына жауап беріп, түсіндірмелері мен ұсыныстарын тыңдады. С. Плотниковтың айтуынша, мұндай пікірлесу адамдарға ақылдасудың, олардың мүдделерін ескерудің тамаша мүмкіндігін туғызады. Сапар қорытындысы бойынша, жұмыс топтары мен салалық комитеттердің отырыстарында қаралатын өзгерістер мен толықтырулардың топтамасы жасалады және ол Сенат қарауының алдында сарапталады.
Депутат Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында да кездесу өткізді. Оның басшысы Александр Томашенко ұжымның өткен жылғы қызметіне тоқталып, алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды. Жүздесу барысында ғылыми зерттеулердің сапасын арттыратын және ауыл шаруашылығына инновацияларды енгізуге ықпал ететін бірқатар маңызды мәселелер айтылды. С. Плотников Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіп саласын одан әрі өркендетуге бағытталған бағдарламаларды заңнамалық тұрғыда қолдау қалай жүріп жатқаны туралы хабардар етті.