• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорда облысының Шиелі ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша  2,8 млрд теңгеге үй салынады 11.01.2017

Сенаторлар Шиелі ауданындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй салуға бөлінген 2,8 миллиард теңгенің игерілуі және аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Жергілікті халықпен кездесулер барысында аудан орталығындағы инфрақұрылымды дамытудың келешегі сөз болды.

Депутаттар Ақмая ауылындағы күрішшілермен, Арал ауданындағы балық шабақтарын өсіретін «Қосжар» питомнигіндегі жұмысшылармен жүздесіп, еңбек өнімділігін арттыру мәселелерін талқылады. Қазіргі кезде балық зауытында жеке әріптестік негізіндегі экономикалық қатынастар нығайып келеді. Балықшылар қауымы қазіргі кезде 4 мың тонна балық өнімдерін шетелге экспортқа шығарып отыр. Сенаторлар сапары Қазалы және Қармақшы аудандарында жалғасты.

Олар бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, мектептер мен ауруханалар және басқа да ұйымдарда болды, еңбек ұжымдарымен кездесті. Жүздесулерде Мемлекет басшысының бес институттық реформаларын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында Парламент қабылдаған заңдар туралы айтылып, алда тұрған жауапты міндеттер жайында әңгіме болды.

 

 


Back to the list