10.01.2017
«Біз 2016 жылды оң нәтижемен аяқтап отырмыз. Жалпы өңірлік өнім 114 пайызға артты. Бұл облыстағы қоғаммен бірігіп атқарылған игі іс. Өндірістің көлемі 139,7 пайызға, ауыл шаруашылық саласында 109 пайызға өседі. Тауар көлемінің артуы барлық аудан мен қалаларда байқалып отыр. Негізгі капиталға құйылған инвестиция ағыны 103,9 пайызға көбейді», - деді облыс әкімі.
Әкімнің айтуынша, шығарылған өнімнің көлемі бойынша Өскемен, Риддер, Семей мен Аягөз аудандарында 2016 жылы өндірістік сала басты қозғаушы күшке айналды.
Мәселен, Семейде көрсеткіш 111,8 пайызға тең. 2017 жылы аталмыш бағдарламаға май дақылдарын өңдеу бойынша құны 526 млн теңге тұратын зауыттың құрылысы жүріп жатыр.
Алдын ала көрсеткіштер бойынша ауыл шаруашылығының жалпы көлемі 399,9 млрд теңгені құрады. Ет өнімінің көлемі 103,6 пайызға сүт өнімі 102,2 пайызға өседі деп күтілуде.