• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
СҚО әкімі елді мекендердің су тасқындарына дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды 09.01.2017

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 1 қаңтардағы жағдайда қар жамылғысының биіктігі және жауған қар мөлшері  облыс аумағындағы орташа жылдық көрсеткіштермен салыстырғанда 120-210% нормадан асады. Топырақтың қату тереңдігі де су тасқыны процестерінің дамуы үшін маңызды фактор болып табылады. 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда топырақтың қату тереңдігі аудандарда 15-55 см-ден асады», — деді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Атығаев.

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов су басуға жол бермеу мақсатында аудан әкімдеріне бір ай ішінде елді мекендердің дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Өткен жылғы тәжірибе бар. Инженерлік, жол-құрылыс техникасын қамтамасыз ету қажет. Қазіргі уақытта әрбір ауданда барлық машиналар жиналуы тиіс. Ыдыс-қаптардың қажетті санын әкеліп, қажетті құралдар көлемін көрсетіңіз», — деді Ерік Сұлтанов.


Back to the list