09.01.2017
Глубокое ауданына сапар барысында С. Плотников «Уваровское» шаруа қожалығының 20 жылдығына арналған шараға қатысты. Жергілікті мәдениет үйінде болған салтанатты жиналыста ардагерлер құрметтелді және шаруашылықтың қалыптасу тарихына арналған деректі фильм көрсетілді.
Ауыл еңбеккерлері жергілікті тұрғындардың әлеуметтік ахуалына ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын атап өтті. Өткен жылдарда ауылды көркейтуге және жаңа мектептің құрылысына байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік туды. Жиналыс барысында үздік еңбеккерлер мерейтойлық медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен атап өтілді. Сапар аясында С. Плотников аудандағы еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді.
«Бобровка» тауарлы сүт фермасында саланы дамытудың келешегі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдау, инновациялар, бүгінгі табыстар және болашаққа болжам туралы әңгіме болды. Аграрлық сала еңбеккерлері сенатордың алдына субсидия бөлуге, жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге, сондай-ақ негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты бірқатар мәселелерді қойды.