09.01.2017
Қала әкімдігінің хабарлауынша, 1 бөлмеден тұратын пәтер саны – 59, алаңы 45,2 бастап 45,5 ш.м. дейін:2 бөлмеден тұратын пәтер саны – 24, алаңы 70,0 бастап 70,6 ш.м. дейін.
Қатысуға жіберілетін азаматтар санаттары:жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;1-2 топтағы мүгедектер;көпбалалы отбасылар;толық емес отбасылар;мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;оралмандар;мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, әскери қызметшілер, ғарышкерлерге кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын тұлғалар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайға немесе жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайға мұқтаж азаматтар есебінде тұрғандар.
Жалдамалы сатып алынатын тұрғын үйдің шамамен алғандағы шаршы метрі 924 теңгені құрайды, жалдау уақыты 20 жыл.