• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорда облысында су, жылу және электр энергиясы бағасының тарифтері өзгермейді – әкімдік 09.01.2017

Өткен жылы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің тарифтерді бекіту бойынша өтінімдерді қарауының  экономикалық тиімділігі  2,3 млрд. теңгені құраған.

Сонымен қатар, департамент 2016 жылы тарифтік сметалардың және инвестициялардың орындалуын талдау қорытындысы бойынша 23 табиғи монополия субъектілеріне 42 уақытша өтемдік тарифтер енгізіліп, 967,8 млн. теңге тұтынушылар қоржынында қалған.

«2016 жылы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне 34 табиғи монополия субьектісінен тарифтерді қарауға өтінімдер түсіп, оның ішінде: 22 субъекті ұсынған құжаттардың қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талабына сәйкес келмеуіне байланысты қараудан бас тартылса, 5 субъекті өтінімдерін қайтарып алды және 7 субъектінің тарифтері бекітілді. Сонымен қатар, 2015 жылы «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК, «ҚЭТТК» АҚ және «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның тарифтері ұзақ мерзімді 5 жылдық кезеңге бекітілді. Осының нәтижесінде су, жылу және электр энергиясы бағасының тарифтері өзгермейді» - деді департамент басшысы. 

 


Back to the list