• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2016 жылы Қызылорда облысындағы ветеринариялық іс-шараларға 635 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды 06.01.2017

Спикердің айтуы бойынша, облыста эпизоотиялық жағдайды бақылау мақсатында жыл сайын тұрақты түрде аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық препараттар және республикалық бюджеттен ақшалай қаражат бөлінеді.

«2016 жылы аса қауіпті аурулардың 15 түріне қарсы ветеринариялық іс-шараларды орындау үшін 635,9 млн теңге, 5674,7 мың ветеринариялық препарат дозасы бөлінген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 256,2 мың дозаға артық», - деді ол.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы айтып өткендей, есепті кезеңде 359 мың ІҚМ басы, 876,9 мың ҰҚМ басы бруцеллезге қарсы тексерілген. 2015 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы малдарының ауыруы 60 пайызға азайған, сәйкесінше, ауырған адамдардың саны да азайған.

«Облыстың буферлік аймақтан шығуы мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес аусылға қарсы вакцинация толық жасалған. Бұдан бөлек, облыс бойынша облыстан шығатын және басқа өңірлерден кіретін жануарлардың қозғалысы бойынша тұрақты бақылау орнатылған. Облыс әкімдігі еттің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында Ресей Федерациясының өкілдерімен келіссөздер жүргізді», - деп атап өтті Е. Апетов.


Back to the list