• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында  құс фабрикасын жаңғырту  жоспарлануда (ФОТО) 06.01.2017

Облыс әкімдігі хабарлағандай,  бизнес-бастама аясында  әрекеттегі құс фабрикасын  өндірістік құстарды өсіру мақсатында  қайта жаңғырту қарастырылуда. Сондай-ақ, тауық жұмыртқасын Ресейдің жақын аудандарына экспорттау көзделіп отыр.

Осылайша құс фабрикасының мүліктік кешенін қамтамасыз етуге   ақшалай қаражат тарту қарастырылған. Жобаның жалпы құны  1 55811500 теңге.

Оған қоса, облыс басшысы Бурабайдағы қазандық жұмысын тексерді, ол 2016 жылдың күзінде пайдалануға берілген еді.  Нысанның жағдайын бағамдаған С. Кулагин  кәсіпорын директорына  пәтерлер мен мекемелерде жылу режимін қамтамасыз етуді тапсырды.

Облыс әкімінің барған келесі нысаны көпсалалы  ауданаралық аурухана мен Щучье қаласының балалар консультациясының бөлімі.

Әкімдікте хабарлағандай, мекемелер ескі.Биылғы жылдан бастап мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бойынша жаңа аурухананың құрылысы басталады. 


Back to the list