• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Парламент Мәжілісі депутаттары Көкшетаудағы сүт зауытының жұмысымен танысты  (ФОТО) 05.01.2017

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, халық қалаулылары бұқарамен кездесу барысында Парламент атқарған жұмысымен таныстырып, Елбасының саясатын жүзеге асырудағы негізгі атқарылған жұмыстарына есеп беріп, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Партия активімен өткен кездесуден соң, депутаттар  одан әрі «Синегорья» Көкшетау сүт зауытының жұмысымен танысты. Халық қалаулылары сүт өндірісі барысында қолданатын заманауи  технологияларды көріп, сүт өнмдеріне жоғарғы баға берді.  

«Синегорья» Көкшетау сүт зауыты» ЖШС Қазақстан мен Ресей нарығын сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған бірегей өңдеуші  зауыт болып табылады.

Бүгінгі таңда зауыт консерванттар қолданбай, ұзақ мерзімге сақталатын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні мекемеде 80-нен астам адам жұмыс істеуде. Зауыт тәулігіне 12 тонна сүт өнімдерін шығарады.

Бұдан әрі Мәжіліс депутаттары облыс орталығында орналасқан ҚР ІІМ-не қарайтын Көкшетау техникалық институтының оқытушы- профессорлық құрамымен және курсанттармен кездесіп, олардың материалдық-техникалық базасымен танысты.

Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орны қабырғасында 600 курсант білім алып жатыр, олардың ішінде Ресей мен беларус мемлекеттерің азаматтары да бар. Болашақ өрт сөндіруші мамандар толығымен мемлекет қарамағында.

Сонымен қатар, іс сапар барысында Мәжіліс депутаттары Жексенбай Дүйсебаев пен Сапар Ахметов «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың сұрақтары мен мәселелерін қарады. Бұл күні әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық мәселелер мен қатар зейнетақы жүйесі туралы кеңес сұрап келген тұрғындар да аз болмады.


Back to the list