05.01.2017
Ауыл шаруашылығы үстіміздегі жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өсу көрсеткіштерімен сипатталып отыр. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 3,4 трлн. Теңгені құрап, нақты индекс көлемі бойынша 4,5% өсіп отыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша мал шаруашылығы саласында мал басы орташа есеппен 1,3 пайызға көбейді, ет өндірісі-3,5 пайызға, сүт-3,1 пайызға, жұмыртқа – 0,1 пайызға. Өсімдік шаруашылығында астық жинау 23,7 млн тоннаны құрады, өнім 15,4 ц/га жетті.
Бүгінде астық экспорты 7,9 млн долларды қрады, ол өткен жылдың көрсеткішінен 12 пайызға жоғары.
Азық-түлік өнімінің көлемі 3,8 пайызға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады. Тұқым өндірісі 36 пайызға, қант-49 пайыз, ұн-13 пайыз, өсімдік майы-14 пайыз, шұжық пен ет өнімдері – 10 пайызға көбейді.
Соңғы 20 жылда СҚО-да қант қызылшасы алғаш рет отырғызылды. 350,0 ц/га-дан 14,0 мың тонна өнім жиналды.