05.01.2017
Сенаторлар Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Жергілікті халықпен кездесулер барысында аудан орталығындағы инфрақұрылымды дамыту және «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бөлінген 420 миллион теңгенің игерілуі туралы мәселелер көтерілді.
Депутаттар осы аудандағы мия тамырын өңдеу зауытында болып, еңбек ұжымымен кездесті. Қазіргі кезде елу шақты адам жұмыс істейтін мия тымырын өңдеу зауыты өнімдерінің едәуір бөлігі шетелге экспортқа шығарылады.
М.Бақтиярұлы мен Б.Еламанов Сырдария ауданында болған кезінде Қалжан ахун ауылындағы күрішшілермен кездесті. Жүздесу барысында еңбек өнімділігін арттыру, тыңайтқыштар мен жанар-жағар май мәселелері туралы әңгіме қозғалды.
Сырдария ауданындағы мектепте болған кездесуде Мемлекет басшысының бес институттық реформаларын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру және үш тұғырлы тілді дамыту жайында әңгіме болды.