• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодар облысының Ақтоғай ауылында су құбыры құрылысының барысын талқылады 05.01.2017

Аудан әкімі Ағыбай Әміринмен кездесуде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басымдыққа ие мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, Ақтоғай ауылындағы әр үйді ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры құрылысының ІІ кезеңін іске асыру келешегі қаралды. 2017 жылы бұл бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 930 миллион теңге бөлу көзделіп отыр. Депутат Ақтоғай ауылындағы балалардың өнер мектебінің жұмысымен танысып, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы Жасұлан Шорманов басқаратын «Ауылдастар» клубының ардагерлерімен әңгімелесті. Таяу күндері М. Көбенов Екібастұз және Ақсу қалаларына, сондай-ақ Павлодар облысындағы бірқатар аудандарына баруды жоспарлады.
 


Back to the list