05.01.2017
Облыстық әкімдікте хабарлағандай, үй алуға кезекте тұрған 70 отбасы қоныс тойын тойлады.
Өндірістік құрылыс компаниясы биылғы жылдың 6 айы ішінде 70 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйді толық қайта құрудан өткізді. Қайта құру құны - 192,1 млн теңге.
Коммуникация қалпына келтіріліп, іргелес аумақ абаттандырылды.
«Тұрғын үй проблемаларын шешу, тұрғын үйдің сапасын және оған қолжетімділікті арттыру мемлекеттік саясаттың ең маңызды басымдықтарының қатарында», - деп атап өтілді әкімдікте.
Жамбыл облысында тәуелсіздік жылдары ішінде төрт миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген. Алдағы он жыл ішінде тағы 4,5 миллион шаршы метрін салу жоспарлануда.